Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

2016 жылы жарнама агенттіктері 181 млрд теңге табыс тапты

2016 жылы жарнама агенттіктері 181 млрд теңге табыс тапты
Алматы. 7 сәуір. 7kun.kz 2016 жылы қазақстандық компаниялар нарықты зерттеу мен жарнамадан 181,7 млрд теңге табыс тапты. Бұл туралы Статистика комитеті хабарлады.

2016 жылы жарнамадан түскен пайда 181,7 млрд теңге болды. Ал 2015 жылы бұл көрсеткіш 151,8 млрд теңгені құраған. Яғни өсім көлемі – 19,6 пайыз.

Ведомстваның мәліметінше, жарнама агенттіктері өткен жылы 158 млрд теңге табыс тапты. Нарық пен қоғам пікірін зерттеу бойынша пайта 16 млрд теңгені құраған. 

Одан бөлек, жарнама компаниялары жарнаманы БАҚ-на жариялаудан 7,5 млрд теңге табыс тапқан. 

Похожие материалы