Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстанда мұнай бағасы қымбаттап жатыр

Қазақстанда мұнай бағасы қымбаттап жатыр

Алматы. 13 шілде. 7kun.kz - 2017 жылдың маусымында қазақстандық мұнай бағасы тоннасына 43,1 мың теңге болды.

Жыл басынан бері баға 11 пайызға өскен.

Ең қымбат мұнай Қызылорда облысында өндіріледі. Мұндағы шикізаттың тоннасы 60,1 мың теңгені құрады. 2017 жылдың басымен салыстырғанда 13,5 пайызға жоғарылаған. Ақтөбе облысында өндірілетін мұнайдың тоннасы - 49,7 мың теңге (26,5 пайызға көп), Атырау облысы - 41,1 мың теңге (9 пайызға көп), ал Маңғыстау облысында - 39,1 мың теңге (9,7 пайызға көп).

Одан бөлек, елдегі бензиннің тоннасы орта есеппен 128,2 мың теңге (3,3 пайызға өскен), жаздық дизель отыны - 125,6 теңге (13, пайызға), қыстық дизель отыны - 129 мың теңге (0,5 пайыз), өртенгіш мазут - 34,7 мың теңге (4,8 пайызға өскен).

Жыл басынан бері Қазақстандағы мұнай өндірісі 9,7 пайызға өскен.

Похожие материалы