Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстандық металл "Airbus" ұшақтарын жасауға қолданылады

Қазақстандық металл "Airbus" ұшақтарын жасауға қолданылады
2015 жылдың басында «KAZNEXINVEST» агенттігі сауда экспорттық қаржыландыру түріндегі экспортшыларды қолдаудың жаңа құралын құруға бастама берген болатын. Өнімдердің бұл түрі экспорттық, экспорт алдылық қаржыландыру мен лизингті пайдалануды ұсынады. Қазақстандық өндірушілер несиелеудің ерекше шарттарына қол жеткізе алады, оларға сәйкес атаулы мөлшерлеме жылдық 6%-ға дейін, лизинг бойынша – жылдық 4% астам емес, өтеу мерзімі 20 жылға дейін болатын несиенің ең жоғарғы сомасы – 10 млрд. Инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешевтің айтуынша, қолдаудың бұл құралдары қазақстандық компаниялар экспортын сақтап, көлемдерін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Мысалы, Өскемен титан-магний комбинаты өндіретін құймалар мен қоспалар қайта өңдеуден кейін «Airbus» компаниясына жеткізіліп, ұшақтарды салуда пайдаланылады. «Баян Сұлу» кондитерлік бұйымдар Ресейге, ал «RG Brands» дайын халық тұтынатын тауарлар – Орталық Азия елдеріне экспортқа шығарылады. «KAZNEX INVEST» басшысы Бөрісби Жанғоразов атап өткендей, бұл өтініштер сауда миссиялары, көрмелер және тұсаукесу шаралары барысында жиналды. «Қазақстандық кәсіпорындар бұл құралға үокен қызығушылық танытуда. Сондықтан осы жылы экспорт алдындағы қаржыландыруға қосымша 15 млрд. теңге бөлу жоспарланып отыр», - деді ол. Сонымен қатар ол «KAZNEX INVEST» мемлекеттік қаржылық қолдауды пайдалануға ниет білдіріп отырған экспортшы-компаниялардан өтініштерді қабылдауды жалғастырып жатқанын қосты. Ortcom.kz

Похожие материалы