Алматы. 7 наурыз. 7kun.kz – Қазақстандық өндірушілер бағаның өсуін «тоқтата алмай» жатыр. Осы жылдың қаңтар-ақпан айларында жергілікті өндіруші тауарларының бағасы өткен жылмен салыстырғанда 28 пайызға қымбаттаған. Бұл туралы Finprom.kz сараптама агенттігі хабарлады.
ТМД елдеріне сатылатын қазақстандық өнімдер ең көп қымбаттаған тауарлар ретінде тіркелді. Олар өткен жылдың қаңтар-ақпан айларымен салыстырғанда 2017 жылдың екі айында 39,4 пайызға қымбаттаған.
Ел ішінде сатылатын тауарлардың бағасы жоғарыдағыдай қымбаттамаса да, бағасы біраз өскен – 22,4 пайыз. Дегенмен, қазақстандық өндірушілер ТМД елдерінен сатып алушыларға тауарларды қатты қымбаттатпауға тырысады. Жылдық есепте 2017 жылы олардың құны 8,7 пайызға артқан.
2017 жылдың қаңтарында шикізат пен өндірістік-техникалық мақсаттағы құрылғыларды бағасы өткен жылмен салыстырғанда 14 пайызға қымбаттаған. Аталған мерзім ішінде отандық кәсіпорындар шығаратын шикізат пен құрылғылардың бағасы да 13,5 пайызға қымбаттаған.