Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстандық "Сбербанктің" басқарма төрағасының орынбасары ауысты

Қазақстандық "Сбербанктің" басқарма төрағасының орынбасары ауысты

Алматы. 24 наурыз. 7kun.kz - "Сбербанк" еншілес банкі директорлар кеңесінің шешімімен 2017 жылдың 17 наурызынан бастап Бикебаев Айдын Жолшыұлы банктің басқарма төрағасының орынбасары болып тағайындалды. Бұл туралы Қазақстанның қор биржасының сайтында хабарланды.

"Сбербанк" ЕБ АҚ Сбербанктің халықаралық тобының құрамына кіреді. Банк Қазақстанның қаржы нарығында 9 жылдан бері жұмыс істейді.
Ұлттық банктің 2017 жыл 1 ақпанындағы мәліметтері бойынша, Сбербанктің еншілесі актив көлемі жағынан төртінші орында тұр.  Банктің орталық кеңсесі Алматы қаласында орналасқан.
 

Похожие материалы