Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстандық стартап Азиядағы 10 үздік жобаның қатарына кірді

Қазақстандық стартап Азиядағы 10 үздік жобаның қатарына кірді

Телефондағы электрэнергияны басқарып және үнемдеуге мүмкіндік беретін отандық EcoSocket стартабы Сингапурда өткен Echelon Asia Summit 2015 конференциясында Азиядағы ең үздік 10 жоба тізіміне кірді деп хабарлайды  LS Idea-lab. шарасындағы ақпараттық серіктестеріне сілтеме жасап. Қазақстандықтар Сингапур, Гонконг, Аустралия, Тайвань, Таиланд және Финляндиядан келген жобалармен бәсекелестікке түскен.

"Біз ондыққа кіретіндігімізге сенімді болдық. Азиялық стартап-қоғам белсенділігімен және әрдайым кеңес беруге дайын тұратындығымен ерекшеленеді. Бізге бірнеше кездесу белгілеп, инвестиция ұсынды. Енді конференцияның бас сахнасына шығамыз, пікірлерге байланысты таныстырылымды толықтырып жатырмыз", - деп хабарлады жобаның негізін қалаушы Санжар Мырзағалым. Осыған дейін қазақстандықтар тұтынатын электрэнергияны EcoSocket мобильді қосымшасы арқылы басқаратын арнайы жүйе құрастырды деп хабарланған еді. Адаптер тәрізді құрылғы электрлі розеткаға тұтынылатын энергия көлемін бақылауға және Android базасындағы қосымша арқылы құрылғыны өшіріп-қосуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ электрэнергиясының жұмсалуы жөнінде қосымша есеп келеді. Енді құрастырушылар iOS жүйесі үшін мобильді қосымша дайындап жатыр. Осы жылы Echelon Asia Summit-ке қатысуға 14 елден 500 өтініш түскен. Бұл конференция 5 жылдан астам уақыт бойы технологиялық стартаптар және инвесторларды біріктіреді. Жыл сайын инновациялық бизнес-идеялармен танысу үшін Сингапурге 2 мыңнан астам стартап  және нвесторлар келеді.

Похожие материалы