Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстандықтар 216 млн теңгеге шетел мүлігін заңдастырды

Қазақстандықтар 216 млн теңгеге шетел мүлігін заңдастырды

Қазақстанда мүлік пен капиталды заңдастыру бойынша ауқымды акция жалғасып жатыр. Қаржы министрлігінің мәліметінше, 27 наурызға дейінгі жағдай бойынша отандастарымыз жалпы соммасы 216 млн теңге шетелдік мүлікті заңдастыру жөнінде 8 өтінім берген.

Республика аумағындағы мүлікті заңдастыру бойынша әкімдіктер жанындағы комиссияларға жалпы соммасы 225,5 млрд теңге 25 мың 732 өтінім келіп түскен. Оның ішінде 21 мың 166-сы тұрғын нысандар, жалпы соммасы 163,9 млрд теңге; 11 мың 821-і тұрғын емес нысан - жалпы осммасы 60,1 млрд теңге, оған қоса 39,4 млрд теңгеге 2 мың 687 коммерциялық нысан; 0,7 млрд теңгеге заңды тұлғаларға қатысудың 14 үлесі; 0,8 млрд теңге соммасына бағалы қағаздар.

Сонымен қатар, мекеме мәліметтеріне сүйенсек, 110,3 млрд теңге соммасына 17 мың 695 нысан заңдастырылған.

"ҚР аумағынан тыс орналасқан мүлікті заңдастыру бойынша мемлекеттік табыс органдарына жалпы соммасы 216,1 млн теңге 8 өтінім келіп түскен; 1-уі соммасы 1,5 млн теңге тұрғын емес нысан, соған қоса соммасы 1,5 млн теңге 1 коммерциялық нысан; соммасы 3 млн теңге заңды тұлғаларға қатысудың 2 үлесі; 670 теңге соммасына бағалы қағаздар", - делінген  Қаржы министрлігінің хабарламасында.

Ақпарат көзі: bnews.kz

Похожие материалы