Қазақстандықтар екі апта ішінде 22,7 млрд теңге соммасына мүлік заңдастырды делінген Қаржы министрлігінің деректерінде.
2015 жылдың 23 сәуіріндегі жағдай бойынша 18375 млрд теңге соммасына мүлік жария етілген. Ал 10 сәуір күні бұл сома 161 млрд теңгені қамтыған-тын. Осылайша, екі апта ішінде жария етілген мүлік сомасы 14%-ға артып отыр.
Ақша мөлшерінде де өсім байқалуда. 23 сәуірдегі жағдай бойынша 53,3 млрд теңге жария етілген, 10 сәуірдегі жағдай бойынша - 38,95 млрд теңге. Бұл көрсеткіш екі апта ішінде 36,8%-ға жоғарылады.
Сонымен қатар, екі апта ішінде заңдастырылған жылжымайтын мүлік нысандарының саны да артып отыр - 120,9 млрд теңгеден 129,2 млрд теңгеге дейін.
Бағалы қағаздар мен бизнестегі үлесті жария ету деңгейі өзгеріссіз - сәйкесінше 785 млн теңге және 461 млн теңге.
Еске сала кетейік, елімізде мүлікті жария ету жөніндегі мемлекеттік бағдарлама 2014 жылдың 1 қыркүйегінен басталды. Капиталдың жария етілуі 2015 жылдың 31 желтоқсанына дейін жалғасады.