Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстандықтар 68 млрд теңгені жария етті

Қазақстандықтар 68 млрд теңгені жария етті

2014 жылдың қыркүйегінде жария ету бағдарламасы басталғаннан бері 68 млрд теңгеден астам қаржы заңдастырылған деп жазылған Ұлттық банк сайтында.

Ұлттық банк мәліметінше, осы жылдың 1 маусымынан бастап еліміздің 8 облысында және Астана, Алматы қалаларында 121 жинақтық есеп ашылған. Жалпы заңдастырылған сома көлемі 68,625 млрд теңгені құрайды. Ұлттық банк сайтында жарияланған ақпарат бойынша, 2015 жылы қаржыны жария ету акциясына Ақмола және Қарағанды облыстары қосылған. 1 маусымда аталған облыстардың тұрғындарына екінші деңгейлі банктерден 3 жинақ есептері ашылды. Реттеуіштің мәліметінше, ашылған жинақтардың көпшілігі Алматы (78) және Астана (19) қалаларына келеді. Келесі орындарда Оңтүстік Қазақстан облысы (9), Павлодар облысы (4), Батыс Қазақстан және Қостанай облыстары (3) тұр. Салыстыру үшін, 2015 жылдың 1 қаңтарында ақшаны жария ету бағдарламасы бойынша екінші деңгейлі банктермен "Қазпоштадан" 9,552 млрд теңгенің 51 есепшоты ашылған. Оның 33-і Алматы, 6-ы Астана қаласына тиесілі. Еске салайық, аталған бағдарлама 2014 жылдың 1 қыркүйегінен басталды. Сол уақыттан бері 2015 жылдың қаңтарына дейінгі аралықта бюджетке 399 млн теңге түскен.

Похожие материалы