Экономика
Қазақстандықтар 9 ай ішінде 178 млрд рубль сатып алған
Қазақстандықтар ресей валютасын көптеп сатып алып жатыр. 2015 жылдың басынан бері айырбастау бөлімшелері 124,63 млрд рубль сатқан. Өткен жылдың ұқсас уақытымен салыстырғанда бұл сома 4 есе көп (31,91 млрд рубль) деп хабарлайды LS.
Рубль
2014 жылдың қазан айында Ресейде девальвация болғалы қазақстандықтар ірі көлемде рубль сатып алуға көшкен.
Өткен жылдың қазан айынан ағымдағы жылдың маусым айына дейінгі аралықта отандастарымыз
177,6 млрд рубль сатып алған. Ең максимал айлық көлемі
27 млрд рубльге жеткен.
Қаңтар айында ыстығы басылып, ресей валютасын сатып алу
19,8 млрд рубльге төмендеген.
Реттеушінің сөзіне сүйенсек, рубльді жаппай сатып алу ақпан-сәуір айлары аралығында қайтадан өршіген.
Соманың ең үлкен бөлігі де сол кезеңге тиесілі
- 76,88 млрд рубль. Мамыр және маусым айларында айырбастау бөлімшелері
47,75 млрд рубль сатылымын жүзеге асырған.
Доллар
Америкалық валюта сатылымы өткен жылмен салыстырғанда 6,60 пайызға төмендеген.
2015 жылдың басынан бері
8,2 млрд доллар сатылған. Ал, өткен жылдың ұқсас кезеңінде
8,78 млрд доллар сатылған болатын.
Ағымдағы жылдың алғашқы жарты жылдығында ең көп сатылған кезең - сәуір айы. Ол кезде айырбастау бөлімшелері
2,1 млрд доллар сатқан. Ал, мамыр айында соңғы бірнеше жыл ішіндегі сатылымдардың минимумына жетті -
976,2 млн доллар.
Еуро
Еуропалық валютаға деген қызығушылық қазақстандықтар арасында аса жоғары емес.
2015 жылдың алғашқы жарты жылдығында еуро сатып алу өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 30,52 пайызға азайған.
Реттеушінің мәліметтеріне орай, 2015 жылдың басынан бері
596,1 млн еуро сатылған. Өткен жылы
858 млн еуро сатылған алынған еді.