Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстандықтарға бір жыл бойы қолда еуро сақтамау туралы кеңес берілді

Қазақстандықтарға бір жыл бойы қолда еуро сақтамау туралы кеңес берілді

Қазақстандықтарға бір жыл уақыт көлемінде қолда еуро ұстамау керек. Бұл туралы қаржыгер Әнуар Үшбаев 7 арнаға берген сұхбатында мәлімдеді.

Оның сөзіне қарағанда, қазір Еуропа Орталық банкінің (ЕОБ) сандық жұмсарту бағдарламасының еуропалық нұсқасын қолдануы еуро бағамының өзгеріске ұшыруына әкеліп отыр. Қазіргі уақытта аталған валютаның теңгеге қатысты алғандағы бағамы түсіп кетіп, шамамен 196-197 теңгені құрайды.

- Еуропа Орталық банкінің Еуроаймаққа мүше-елдердің облигацияларын сатып алуы инвестициялық капиталдың өзге нарыққа кетуіне себеп болып жатыр. Осы жылдың өзінде-ақ, еуро долларға қатысты алғанда арзандап кетуі мүмкін, - дейді Әнуар Үшбаев.

Ал тағы бір маман Айбар Байкеновтың айтуынша, еуропалық валюта тағы 7-10%-ға құлауы әбден мүмкін.

Похожие материалы