Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстандықтар айына көп дегенде бір сәлемдеме алатын болады

Қазақстандықтар айына көп дегенде бір сәлемдеме алатын болады

Қазақстанда осы жылдың 2 мамырынан бастап жеке тұлғалар үшін шекарадан тыс жерден сәлемдемелер алудың мерзімділігіне шектеулер енгізілді. Енді кеден бажы салынбайтын жеткізілімдердің жиілігі айына бір реттен аспауы тиіс деп хабарлайды lsm.kz.

Сонымен қатар жеке тұлғалар үшін шикізат, тауар жасауға арналған жартылай фабрикат және құрамдаушы бұйым болып табылатын тауарларды бажсыз әкелу бойынша шектеулер қарастырылған. "Жеке тұлғалар Кедендік одақтың кедендік шекарасынан алып өтетін тауарларын жеке пайдалануға арналған тауарларға жатқызудың белгілерін айқындау туралы" тиісті бұйрыққа 31 наурыз күні қаржы министрі Бақыт Сұлтанов қол қойған болатын. Айта кетелік, Қазақстанда әрекет ететін нормаларға сәйкес, жеке тұлғалар үшін шетелдік сәлемдемелердің сомасы айына 1 мың еуродан, салмағы 31 кг-дан аспауы тиіс. Мұндай жағдайда кеден бажы төленбейді.

Похожие материалы