Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстандықтар ауыл шаруашылық жерлерін конкурс арқылы жалға алатын болады

Қазақстандықтар ауыл шаруашылық жерлерін конкурс арқылы жалға алатын болады

Астана. 7 ақпан. 7kun.kz - Үкіметтің қарауына ауыл шаруашылық жерлерін конкурстық негізде жалға беру туралы заң жобасын ұсынылды. Жаңа заң Қазақстан агроөнеркәсіп кешеніне шетелдіктердің қатысуын шектейді. Бұл туралы үкімет отырысында ауыл шаруашылығы вице-министрі Ерлан Нысанбаев мәлімдеді.

Вице-министрдің сөзінше, комиссия ауыл шаруашылық жерлерін жалға беру механизмін сақтап, жүзеге асыру туралы шешім қабылданды. Онда шектік және максималды жалға алу құнын белгілеу, шекара аумағында жалдаудың талаптарын күшейту, жайылым аудандарын анықтау сынды мәселелер талқыланды.

Әкімдіктің қоғамдық кеңестерінде жиналыстар өткізілді. «Атамекен» ҰКП-ның қатысуымен көпшіліктің талқылауы болды. Заң жобасы арқылы ауыл шаруашылық жерлерін конкурстық негізде берудің жеке тәртіптері қарастырылды. Министр барлық облыс аумағындағы аудан әкімшіліктеріне өздерінің ақпараттық стендтерінде және ресми сайттарында осы талаптардың тізімін жариялауды тапсырды.

«Конкурсқа қатысудың басты шарты қатысушының ауыл шаруашылығын жүргізуге арналған бизнес-жоспары болуы қажет. Жоба құрылымы бойынша ішкі ауылшарушылық жерге орналастыру және жергілікті халықты жұмыспен қамтуға бағытталған болуы керек. Бұл шаралар ауыл шаруашылық жерлерін тиімді әрі оңтайлы пайдалануға арналған. Оны алғашқы бес жыл бойы мониторинг институты бақылап отырады»,-деп атап өтті Ерлан Нысанбаев.

«Заң жобасында тұрғындарға қажетті жайылым жерлер ауданын белгілейтін нормалар қарастырылып жатыр. Одан бөлек, қазіргі уақытта жайлаулардың көп бөлігі жекеменшікке тиесілі. Әкімдерге ол жерлерді халыққа қажетті мемлекеттік меншік ретінде қайтарып алу тапсырылды»,-деп сөзін аяқтады вице-министр.

Похожие материалы