Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстанда казино және букмекерлік қызметтер 7 пайызға азайды

Қазақстанда казино және букмекерлік қызметтер 7 пайызға азайды

Алматы. 19 шілде. 7kun.kz - 2017 жылдың І тоқсанында құмар ойындары мен бәс тігуді ұйымдастыратын ұйымдардың қызмет көлемі 4 млрд теңгені құрады. Бұл 2016 жылдың аталған мерзімінен қарағанда 6,5 пайызға кем. Бұл туралы ranking.kz хабарлады.

Қазақстандағы ойын бизнесін бақылайтын заң қабылданғаннан кейін букмекерлік конторалардан басқа барлық ойын ғимараттары жұмыстарын тоқтатуы немесе арнайы ойын зоналарына көшуі тиіс болатын. Олар: Қапшағай су қоймасының жағалауы (Алматы облысы) немесе Шу ауданы (Ақмола облысы). Сәйкесінше, көрсетілген қызметтің көп бөлігі де осы аймақтарға тиесілі.

Алматы облысында казино қызметтері көлемі бір жылда бірден 20,5 пайызға өсіп, 2,7 млрд теңгені құрады. ҚР бойынша көрсеткіш 68,1  пайыз болды (2016 жылы 52,8%). Ал Ақмола облысында керісінше қызмет көлемі 398,6 млн теңгеге (-46,4%) дейін төмендеді. ҚР үлесі 9,9 пайыз (2016 жылы 17,2%).

Казино зонасынан бөлек, біс тігу мен құмар ойындары секторының қызеттері көлемі Астанада 2 жарым есе өсіп, 365,5 млн теңгені құрады. ҚР үлесі - 9,1% ( 2016 жылы - 3,4%). Ал Алматыда керісінше 64,2 пайызға қысқарып, 342,8 млн теңге болды. ҚР үлесі 8,5 пайыз (2016 жылы - 22,2%).

Құмар ойындар қызметін ұсынатын кәсіпорындар мен ЖК (ИП) 2016 жылы 2015 жылға қарағанда 9,8 пайызға өсті. Яғни біп жылда 123 компанияға дейін құрылды.

News Of Gambling порталының мәліметінше, 2016 жылы Қазақстанда 16 казино, 8 ойын автоматы, 37 букмекерлік компания (2,5 мың бәске тігілген қаражатты қабылдау пункті) және бір тотализатор жұмыс істеп тұрды.

Лотерея, цифрлі ойындар мен бинго саласындағы қызмет көлемі болса, бірден 74,5 пайызға артқан.

Похожие материалы