Алматы. 17 қараша. 7kun.kz - 2016 жылы қаңтар-қазан айларында бөлшек сауда айналымы 6 трлн теңгені құрады. Бұл 2015 жылмен салыстырғанда 0,6% -ға көп, деп хабарлайды статистика комитеті.
Бөлшек саудадағы азық-түліктің жалпы үлесі - 35,8% (2,1 трлн теңге), азық-түлік емес өнімдер - 64,2% (3,9 трлн теңге). 2015 жылдың қаңтар-қазан айларымен салыстырғанда азық-түлік өнімдерін сату көлемі 7,1% -ға, азық-түлік емес тауарлардың бағасы - 2,2% -ға төмендеді.
Сонымен қатар, тауарлардан түскен қаражаттың 5,4 трлн теңгесі (бөлшек сауда көлемінің 89,4%) Қазақстан компанияларына, ал 641,3 миллиард теңге (10,6%) - шетелдік жекеменшік ұйымдарға тиесілі.
Бұдан бөлек, 3,2 трлн теңгенің тауарлары (53,9%) ірі коммерциялық кәсіпорындарда сатылса, 2,8 трлн теңгенің тауарлары (46,1%) - базарларда, соның ішінде кәсіпкерлер арқылы сатылған.
Осы жылдың басынан бері Қазақстан Республикасының сауда нарығы 14,1 трлн теңгені құрады және өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 3,2% -ға аз.
Айта кетейік, бұдан бұрын Қазақстанда бөлшек сауда айналымы 0,7% -ға төмендесе, азық-түлік бойынша шығындар 7,4% -ға өсті.
Гүлбану Оташ «7»