Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстандықтар азық-түлікті аз сатып алатын болды

Қазақстандықтар азық-түлікті аз сатып алатын болды

Алматы. 16 ақпан. 7kun.kz - 2017 жылдың қаңтар айында бөлшек сауда айналымы 557,4 млрд теңгені құрады. Бұл 2016 жылдағы дәл осы периодпен салыстырғанда 3,5 пайызға көп. Бұл туралы статистика комитеті хабарлайды.

Бөлшек сауданың жалпы көлеміндегі азық-түлік тауарларының үлесі 169,7 млрд теңге (30,5%) болса, азық-түліктік емес тауарлар үлесі – 387,6 млрд теңгені (69,5%) құрады.

Азық-түлік тауарларын сатып алу 2016 жылдың қаңтар айындағы көрсеткішпен салыстырғанда 5,6 пайызға азайған, ал азық-түліктік емес тауар үлесі керісінше 7,9 пайызға өскен.

Көтерме сауда 1,1 трлн теңге болды, бұл да 2016 жылғы қаңтардағы мөлшерден 0,8 пайызға төмен.

Еске салсақ, 2017 жылдың қаңтарындағы ең төменгі күнкөріс дейгейі 300 теңгеге көтерілген. Ең жоғарғы көрсеткіш Астана, Алматы және Маңғыстау облыстарында тіркелген.

Похожие материалы