Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстандықтар бір айда шетелге 38 млрд теңге аударған

Қазақстандықтар бір айда шетелге 38 млрд теңге аударған

Алматы. 5 желтоқсан. 7kun.kz - Осы жылдың қазан айында қазақстандықтар шетелге 38 млрд теңгеге ақша аударымдарын жасаған. Бұл қыркүйек айындағы көрсеткішпен салыстырғанда 1,1%-ға аз болғанмен, өткен жылмен салыстырғанда 7,4%-ға артық, деп хабарлайды ranking.kz.

Бір ай ішінде транзакциялар саны 0,9%-ға немесе 201 мыңға азайған. Аударымдардың орташа көлемі 189 мың теңгені құрады. Ал қыркүйекте бір транзакция бойынша аударым 190 мың теңгені, бір жыл бұрын 176 мың теңгені құрады.

Қаржы аударымдарының ең көп бөлігі "Золотая корона" жүйесі (15,6 млрд тг) арқылы жасалған. Бір айда аударым көлемі 1,4%-ға азайған. Екінші орында 7,1 млрд теңгемен "Western Union". Бұл жүйе арқылы аударым бір айда 4,5%-ға төмендеген. Сондай-ақ, "Юнистрим" арқылы  4,7 млрд тг аударым жасалған.

Сондайақ транзакциялар саны бойынша да "Золотая Корона" (85,7 мың) жүйесі бірінші орында. Одан кейін "Юнистрим" (27,9 мың) және "Блиц" (24,4 мың) тұр.

Похожие материалы