Алматы. 7 ақпан. 7kun.kz - Ұлттық банк дерегінше, 2016 жылдың 2-жартысында теңгенің нығаюына қарамастан, долларды сататындардан қарағанда, сатып алатындар көбейген. Бұл туралы 365info.kz жазды.
Басылымның жазуынша, халық девальвациялық шоктан арылып, өзінің шетелік валютадағы жинақтарын қайта толтыра бастаған. «Күзде және желтоқсан айында доллардың қолма-қол сатылуы шілде мен маусым айларымен салыстырғанда артқан. Бірақ тамызда ғана қолма-қол сатылған доллар 910,3 млн долларға жеткен еді – бұдан көп сауда тек 2016 жылдың қаңтарында болды. (1,071 млрд доллар).
2016 жылдың қыркүйегі өткен жылы халықтың долларды ең аз сатып алған кезі (484,5 млн доллар) болып тіркелді. Бірақ одан кейін өсіп, желтоқсанда 551,9 млн долларға жуықтады. Дегенмен, бұл 2015 жылдың 746,2 млн доллар сатылған сол желтоқсан айымен салыстырғанда әлдеқайда аз.
Бұдан бөлек, басылым рубльді сатып алушылардың азайып жатқанын айтып, «бұл Қазақстан мен Ресей арасыдағы интеграциялық байланыстың әлсірегенін білдіреді» деп жазады. Ұлттық банктің дерегінде өткен жылдың желтоқсанында сатылған рубль көлемі қарашамен салыстырғанда 5,2 пайызға немесе 3 млрд 858,9 млн рубльге дейін азайғаны жазылған.
Дегенмен, Ұлттық банк Британия мен қытай валютасының тұтынушылары көбейгенін айтады. Өткен жылдың желтоқсанында сатылған фунт көлемі - 29,6 пайызға, юаньдікі 21,5 пайызға артқан.