Экономика
Выбор редактора
Қазақстандықтар Ferrari-дың акцияларын сатып ала алады
Қазақстандықтар алғашқылардың бірі болып алдағы IPO италияндық спорткар өндіруші Ferrari-дың акцияларына қол жеткізе алады. Бұл туралы «Фридом Финанс» инвестициялық компаниясының бас директоры Тимур Тұрлов мәлімдеді деп жазады LS.
Оның сөзінше, компания қағаздары 2015 жылдың күзінде шығарылады. "Фридом Финанстың" қазақстандық клиенттері аталған IPO-ға қатыса алады. Барлық шарттар сақталынады",- деп атап өтті ол. Т.Тұрловтың айтуынша, IPO-ға мобильді төлемақылардың жүйесі Square компаниясы да қатысуы мүмкін. "Алдағы екі IPO-ның да қызық және танымал болатындығы анық", - дейді ол.
Осыған дейін Ferrari-дың IPO аясындағы нарықтық капитал құны 10 млрд еуродан кем болмайды деп хабарланған еді. «Финам» инвестициялық холдингінің сарапшысы Антон Сороконың мәліметінше, 2018 жылға дейін жоспарланған инвестициялық бағдарлама үшін Fiat Chrysler-ге қаржы қажет.
"Менің ойымша, IPO инвесторлар үшін қызық болады. Құнды қағаздардың сатылымға шығарылатыны туралы жаңалықтан кейін Fiat Chrysler-дың баға белгіленімі 13 пайызға дейін көтерілді. Қазір көпшілік инвесторлар Ferrari-дың құнын 5,5 млрд доллар деп бағалап отыр. Меніңше, бұл -қалыпты деңгей, Бірақ соңында инвесторларға Ferrari акцияларының қандай бағада берілетіндігі белгісіз", - дейді А.Сороко.