Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстандықтар интернет пайдасы үшін телефон байланысынан бас тартады

Қазақстандықтар интернет пайдасы үшін телефон байланысынан бас тартады

Алматы. 13 желтоқсан. 7kun.kz – Интернет абоненттерінің саны 12 пайызға өсті. 2017 жылы қаңтар-қарашада Қазақстанда 640 млрд теңгеге байланыс қызметтері көрсетілді. Бұл салыстырмалы бағамен 2016 жылға қарағанда 3,2 пайызға артық, деп хабарлайды LS.

Статистика комитетінің мәліметтері бойынша, қалааралық және халықаралық телефон байланысының көлемі 2017 жылдың 11 айында 27,5 млрд теңгені құрады. Бұл 2016 жылғы қаңтар-қарашаға қарағанда салыстырмалы бағамен 8,9 пайызға аз.

Компаниялар жергілікті телефон байланысы қызметтерін ұсынған кезде 37,6 млрд теңге (6,5 пайызға аз), интернеттен 208,5 млрд теңге (12,3 пайыз көп), ал ұялы байланыс қызметтерінен 201 млрд теңге (0,5 пайызға артық) табыс көрді.

Байланыс қызметтерінің жалпы көлеміндегі ең үлкен үлес интернет желісіне (32,6 пайыз), одан кейін ұялы байланысқа (31,5 пайыз), телекоммуникациялық қызметтерге (16,9 пайыз), жергілікті телефон байланысы қызметтеріне (5,9 пайыз), алыс және жақын шетелдік жерлерге арналған  байланыс қызметтеріне (4,3 пайыз) тиесілі.

2017 жылғы қарашада стационарлық телефон желілерінің саны 3,7 млн дана (2016 жылғы қарашамен салыстырғанда 5,4 пайызға төмен), ұялы байланыс абоненттері 26,3 млн (2,7 пайызға өскен), , интернетке қол жетімділігі бар ұялы байланыс абоненттері 13,3 млн (11,8 пайызға өсті), тіркелген интернет-абоненттері 2,5 млн (12 пайыз өсім) құрады.



Похожие материалы