Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстан бес айда 130 млрд теңгеге жаңа автокөлік сатқан

Қазақстан бес айда 130 млрд теңгеге жаңа автокөлік сатқан

Алматы. 12 маусым. 7kun.kz - Соңғы бес айда ресми автодилерлер Қазақстанда 15707 автокөлік сатқан және олардың жалпы құны 130,2 млрд теңге. Бұл туралы Қазақстан автокөлік қауымдастығы хабарлады.

Сатылым бойынша ең алдыңғы қатарда жол талғамайтын көліктер. Экспортты қосқанда жыл басынан бері 6369, яғни жалпы сатылымның 41 пайызына тең жол талғамайтын көлік сатылған.

Екінші орында седан автокөліктері. Жыл басынан бері ресми автодилерлер 6354 көлікті 35,03 млрд теңгеге сатқан.

Қауымдастықтың мәліметінше, экспортты қосқанда жаңа автокөліктердің сатылымы өткен айда 5 пайызға артқан. Естеріңізге салсақ, Қазақстан Hyundai, Toyota, Lexus, Chevrolet, Lada мен JAC секілді автокөліктерді экспортқа шығарады.

 

Похожие материалы