Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстандықтар наннан гөрі тәтті тағамды көбірек тұтынады

Қазақстандықтар наннан гөрі тәтті тағамды көбірек тұтынады

Қазақстандықтар нанға қарағанда кондитерлік өнімдерге екі есе көп ақша жұмсайды. Мұндай мәліметтерді "Бәсекелестік көшбасшылары - ұлттық чемпиондар" бағдарламасына қатысушы компаниялардың диагностикалары нәтижелерін талқылау комитетінің отырысында Қазақстан кондитерлер қауымдастығының вице-президенті Әлихан Талғатбек жария етті.

"Еліміздің әр азаматы жыл сайын тәтті тағамдарға 10 мың теңгеге жуық, нанға 5 мың теңге шамасында жұмсайды, - дейді вице-президент. Оның айтуынша, қазақстандық кондитерлік саладағы пайда 800 млн долларға дейін құрайды. "Экспортқа шығаруға мүмкіндік ашудың маңызы зор. Себебі, кондитерлік сала мүлдем жоқ елдер де бар. Біздің есептеуіміз бойынша, экспорттың мүмкіншілігі шамамен 276 мың тоннаға жуық болады. Қаржылай көрсеткіште бұл 700 млн долларды құрайды. Импорттың орнын ауыстырып, кондитерлік экспортты 1,5 млрд долларға шығара аламыз. Бұл машина жасау саласынан кем емес десе болады", - дейді Талғатбек.

Похожие материалы