Алматы. 17 сәуір. 7kun.kz - Орта Азияда жыл сайын өтетін AdAsia алтыншы «Креативтілік пен шеберлік рейтингісінің» қорытындысы шығарылды. Cheil Kazakhstan аймақтағы жылдың ең үздік агенті болып танылды. Бұл туралы Samsung баспасөз қызметі хабарлады.
Дəстүр бойынша рейтингке Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тəжікстан, Түркменстан жəне Əзірбайжанның үздік агенттіктері қатысады. Жеңімпаздарды анықтау барысында аймақтық агенттіктердің 2016 жылы халықаралық жарнама фестивальдарындағы нəтижелері ескерілді. Одан бөлек, жарнама агенттіктері, брендинг жəне дизайн-бюро, digital мен SMM-агенттіктері және продакшн-студиялары жұмыстарының креативтілігі мен сапасы бағаланды.
Cheil Kazakhstan халықаралық фестивальдарында ұсынған Epica, White Square, КМФР, Идея, Red Jolbors материалдарының арқасында 355 ұпай жинады. Ал 2016 жылы олар жетінші орынға ие болған.
Екінші орынды КМФР, AdStars, AdBlackSea, Red Jolborsтан алған марапаттары үшін 98 ұпаймен қазақстандық GForce/Grey желілік агенттігі иемденді.
Үшінші орын қырғызстандық Red Jolbors байқауында 68 ұпай жинаған FCB Almaty агенттігіне бұйырды.
AdAsia мəліметі бойынша, бұл жылы аймақтан тысқары өтіп жатқан халықаралық жарнама фестивалінде тек төрт агенттік жеңіске қол жеткізді – Cheil Kazakhstan, GForce/Grey, Green Penguin Media (барлығы қазақстандық) жəне USSO design (Өзбекстан). 2015 жылы орын алған агенттіктер саны 9 болатын. Қалған агенттіктер рейтингке Red Jolbors аймақтық фестивалінде алған жеңістері арқасында іліккен (Қырғызстан).
2017 жылдың үздік қатарында Қазақстанның 7 агенттігі, Қырғызстанның 4 агенттігі жəне Өзбекстанның 2 агенттігі тұр.