
Қазақстандықтар шетелде орналасқан мүлікті заңдастыру комиссиясына 18 өтініш қалдырған. Онеың ішінде 14-і тұрғын үйлерді заңдастыруға байланысты өтініштер деп хабарлайды Қазақстан қаржы министрлігінің баспасөз-қызметі.
"Шетелде орналасқан мүліктерді заңдастыруға байланысты мемлекеттік кірістер мекемесіне 18 өтініш келіп түскен. Олардың жалпы сомасы - 636,5 млн теңге: 14 тұрғын үй нысаны - 632,1 млн теңге, тұрғын үй емес нысан - 1,5 млн теңге, 1 коммерциялық нысан -1,5 млн теңге, заңды тұлғадағы 2 пай - 3 млн теңге", - делінген хабарламады.
Ведомствоның мәліметтеріне орай, әзірге 636,5 млн теңгеге 17 нысан мен құнды қағаздар заңдастырылған.