Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстан шетелдік турларға жыл сайын 1,8 млрд доллар жұмсайды

Қазақстан шетелдік турларға жыл сайын 1,8 млрд доллар жұмсайды

Қазақстандықтар жыл сайын шетелдік турларға 1,8 млрд доллар жұмсайды. Бұл туралы Инвестиция және даму министрлігіндегі туризм индустриясы департаментінің директоры Тимур Дүйсенғалиев мәлімдеді деп хабарлайды ҚазТАГ агенттігі.

"Бай туристік ресурстар мен туристік бағыттардың алуан түрлілігіне қарамастан, қазір ішкі жобаларды нақты іске асыру мүмкін емес. Статистика комитетінің мәліметінше, бұрынғысынша шетелдік туризм басымдылық танытып тұр", - деді Т. Дүйсенғалиев Қазақстандағы ішкі туризмді дамытуға арналған  конференция кезінде. Оның айтуынша, саяхат бабы бойынша кері төлем балансы 300 млн долларды құрайды немесе одан да көп болуы мүмкін.

Похожие материалы