Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстандықтар цифрлық банкинг арқылы тәулігіне 400 мың төлем жасайды

Қазақстандықтар цифрлық банкинг арқылы тәулігіне 400 мың төлем жасайды

Алматы. 3 шілде. 7kun.kz – ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Данияр Ақышев еліміздегі цифрлық банкинг туралы айтып берді.

«Қаржы секторы цифрлық технологиялар белсенді түрде пайдаланылатын негізгі салалардың бірі болып табылады. Қаржылық қызмет көрсетудің өзі IT инфрақұрылымды және цифрлық шешімдерді пайдалану мүмкіндігімен тығыз байланысты. Сектордағы маңызды трендтердің бірі - интернет және мобильдік қосымшалар арқылы онлайн қызметтер көрсету. Бүгінгі күні Қазақстанның барлық дерлік банктерінде қашықтан банктік қызмет көрсету жүйесі енгізілген. Мобильдік банкинг қызметтерін банктердің 60 пайызы (20 банк ұсынады) көрсетеді. Олар бүкіл клиенттер базасының шамамен 90 пайызына қызмет етеді. Бұл жүйелерде шамамен 10 миллион пайдаланушы тіркелген. Олардың 30 пайызы операцияларды тұрақты түрде жүргізеді», -деп нақтылады Ұлттық банк басшысы.

Оның сөзіне қарағанда, күн сайын халық цифрлық банкинг арқылы 6 миллиард теңге сомаға 400 мың транзакция жүргізеді. Бизнес субъектілері қаржы операцияларының жетпіс пайызын қашықтан жасайды.

Ол сондай-ақ клиенттерге қызмет көрсетуді оңтайландыру үшін мемлекеттік органдармен электрондық өзара іс-қимыл жасауға көшу іске асырылып жатқанын атап өтті.

Похожие материалы