Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстандықтар Қытай мен Ресейге бір айда 20 млрд теңге аударған

Қазақстандықтар Қытай мен Ресейге бір айда 20 млрд теңге аударған
Алматы. 17 наурыз. 7kun.kz - Қазақстандықтар 2018 жылдың қаңтар айында шетелге 36 млрд теңге аударған деп жазады Ranking.kz.  Бұл 2017 жылдың қаңтар айымен салыстырғанда 1,5 есеге көп. Өткен жылы бұл көрсеткіш 24,1 млрд теңгені құраған. 36 млрд теңгенің 40 пайыздан астам бөлігі (14,5 млрд теңге) Ресейге жөнелтілген. Одан кейінгі орында Қытай тұр. Қытайға бір айдың ішінде 5,3 млрд теңге аударылған. Үшінші орынға 3,9 млрд теңгемен Қырғызстан жайғасқан. Одан бөлек, Өзбекстанға 3,7 млрд теңге, Түркияға 3,1 млрд теңге, Украинаға 959 млн теңге, Әзербайжанға 816 млн теңге, Тәжікстанға 553 млн теңге ақша аударымы жасалған.

Похожие материалы