Дағдарыс дағдарысымен бірақ жазғы демалыстарды ешкім кері шегерген жоқ. Жыл өткен сайын шетелдік шипажайлар мен қонақ үйлерді таңдайтын қазақстандықтар саны арта түсуде. Назарларыңызға қазақстандықтар жиі баратын 7 танымал шет мемлекет тізімін ұсынамыз.
Түркия
2012 жылғы статистика бойынша, 219 909 мың адам түрік жағажайларына кеткен. Отандастарымыз көбінде Анталия, Кемер, Бодрум, Алания қонақ үйлерін таңдайды. Теңіз тамашасынан кейін туристердің көпшілігі шопингті мақсат етіп барады. Ыңғайлы қонақ үйлер желісі мен ойын-сауық түрлері және танымал "all inclusive" жүйесі отбасымен демалуға баратындар үшін таптырмас шешім болмақ.
Түрік лирасы да туристер үшін тартымдылыққа ие. Ол америкалық доллар және еуромен салыстырғанда сатып алушылық қабілеті жөнінен әлсіздеу. Доллармен сауда жасайтындар үшін көп артықшылық береді. Сансыз базарлар мен дүкендер шопинг ләззатын да арттыра түседі. Егер аздап түрік тілін білсеңіз немесе демалыс алдына үйренуге көңіл бөлсеңіз саудаласу кезінде үлкен жеңілдікке ие боласыз.
Қонақүйлерге 10%-30% аралығында жеңілдік алуға болады. Нағыз "қан базар" кезінде жолдамалар 500 доллардан басталады. Бірақ соңғы жылдары орын алған туроператорлар дауына байланысты агенттіктер таңдау кезінде сақ болған жөн. Құнына ұшып келу билеті, қонақ үйде тұру, трансферлік топ және медициналық сақтандыру кіреді.
Қытай
Қазақстандықтар Қытайға ең бірінші орында сауда мақсатында барады. 2012 жылы Қытайға 18 888 адам кеткен. Демалыс пен денсаулықты қалпына келтіру екінші орында тұр. Сондай-ақ белсенді демалыс, соғыс өнерін үйрену тәрізді қызмет түрлері де танымалдылыққа ие. Қазақстандықтар Пекин, Үрімші қалаларын және Хайнань жиі аралын таңдайды.
Қытайдағы қонақ үй базасы жоғары деңгейде дамымаған, көбінде қарттар мен жас балалардың уақыты үшін арнаулы шаралар қарастырылмаған. Бірақ қызмет ету сферасы төмен бағалар ұсынады. Қазақстаннан Пекин және Үрімшіге баратын тікелей әуе тасымалдау бар. Жолдама құны 600-700 доллардан басталады. Бұл бағаға ұшып келу билеті, қонақ үйде тұру, медициналық сақтандыру кіреді.
БАӘ
Араб әмірліктерін таңдаушылар бірінші кезекте теңіз жағажайларына назар аударады. Алтын мен киім-кешек саудалауға баратындар саны жөнінен екінші орында тұр. Қысқы айларда да БАӘ-де туристік маусым ашық болады. Дегенмен де, Түркияға қарағанда қонақүйлер қымбатырақ, бірақ соңғы уақытта экономды қонақүйлер пайда болуда.
Егер алдағы демалыс маусымының 10 күнін Дубай немесе Абу-Дабиде өткізгіңіз келсе төмендегі ережелерді назарда ұстаңыз:
- Қоғамдық орындарда ішімдік ішуге немесе мас күйінде жүруге мүлдем болмайды. Арнайы орындар бірақ, ол үшін сіздің жасыңыздан Дубайда 18-ден, Абу-Дабиде 21-ден кем болмауы қажет. Немесе алкоголь сатылмайды.
- Ресми түрде некеге отырмаған жұпқа қонақ үйден бір номер ала алмайды. Бұл заң бойынша қудаланады және туристерге де таралады.
- БАЭ-де электронды темекіге тыйым салынған. Егер өзіңізбен бірге алып жүретін болсаңыз, шекарада тәркілейді.
Тайланд
Тайланд корольдігіне жыл сайын 18000 -20000 адам аттанады. Олардың көпшілігінде шипажайларға демалу деген мақсат бар. Корольдік БАӘ-мен бәсекелес, туристік маусым да қазан-қараша айларында басталып, ақпан ортасына дейін жалғасады. Дегенмен де Тайландың Араб әмірліктері алдындағы артықшылықтары ретінде қонақ үй мен ойын-сауық түрлерінің арзан екендігін айтуға болады. Қазақстандықтар үшін Паттайя, Самуй, Пкухет аралдары танымал.
БАӘ тәрізді Тайланд королдігінде демалудың да өзіндік ерекшеліктері бар. Түнде Тайландта ысқыру жаман ырым болып саналады: ырымға сенушілер сіз зұлым рухтарды шақыруға тырысып жатырсыз деп ойлап қалуы мүмкін.
Олар өз королдерін сынағандарды да жақтырмайды. Монархтар туралы не жақсы сөз айту керек не үндемей қойған жақсы.
Елде аяғыңызды үстелге немесе орындыққа қою әдепсіздік болып танылады. Сондай-ақ, аяғыңызбен бір нәрсені көрсетуге немесе тіпті жаныңыздағы адамға тиіп кетуден сақтаныңыз. Бұл дөрекіліктің жоғарғы түрі ретінде қабылданбақ.
Жолдама құны 900 доллардан басталады. Бұл бағаға ұшып келу билеті, қонақ үйде тұру, трансферлік топ және медициналық сақтандыру кіреді.
Үндістан
Демалыс орнынан бөлек шопинг, емделу және діни құлшылықтар танымалдылыққа ие. Басқа елдер тәрізді Үндістан Алматы-Дели және Гоаға баратын чартерлік рейстер арқылы танымалдылыққа ие болып келді.
Үндістанның ең басты курорты Гоа соңғы кездері қазақстандықтар арасында да танымал болып келеді. 110 шақырымға созылған жағалауда 40 түрлі жағажай бар. Аумақ Солтүстік және Оңтүстік бөліктен тұрады.
Солтүстік аумақ арзандығына және лагерде тұру мүмкіндігіне байланысты жастар арасында танымалдылыққа ие. Ал оңтүстік бөлікке отбасылы туристер көбірек барады. Дегенмен де екі аумақ жақсы теңіз суы мен қызмет көрсетудің арзандығына байланысты жиі баратын демалыс орындарының біріне айналған.
Жолдама құны 700 доллардан басталады. Бұл бағаға Алматы-Гоа-Алматы әуетасымалы, қонақ үйде тұру, таңғы ас және топтық трансфер құны кіреді.
Чехия
Чех Республикасы демалысты мақсат еткен туристер үшін басты еуропалық бағыт болып табылады. 2012 жылы Чехияға 5000-ға жуық адам барған. Жазды күнгі орташа температура +25С, +27С төңірегінде болады.
Қазақстандықтар көбінде минералды көздерге бай Карловы Вары, Марианске Лазне шипажайларын таңдайды. Бұл жердегі минералды судан түрлі косметикалық құралдар және тіпті вафлиде дайындайды. Еуропа елдеріне жақын болуы себепті әрі қарай Австрия мен Германияға экскурсия жасай аласыз.
Шенген аймағына өткенді бері шипажайлар бағасы өскен, бірақ эконом түрлерін табуға болады. Әуе тасымалы арзан. Туристік емес уақытта Прагаға бару және аралау 4 күн үшін 400 долларға дейін түсуі мүмкін. Жолдама 1000 еуродан басталады, ұшып келу билеті, қонақ үйде тұру, трансферлік топ және медициналық сақтандыру кіреді.
Болгария
Туристер ең бастысы Қара теңізді көруді мақсат етіп барады. Қара теңіз шипажайларымен танымал. Сансыз минералды көздері арқылы денсаулығыңызды түзей аласыз. Ауа температурасы +24С, +28С градус аралығында болады. 30 градустан асатын уақыт сирек.
Болгарияға жақсысы маусым айынан бастап барған дұрыс. Бірақ елдегі шипажайлы маусым 365 жылға дейін созылады. Банско, Боровец, Пампорово деген қысқы шаңғылы шипажайлар да танымал. Ең атақты жазғы шипажайлар -"Солнечный Берег", "Золотые пески". Көптеген жағажайлары экологиялық тазалығымен мақтана алады.
Алматы-Бургас-Алматы тікелей рейстері бар. Жолдама 820 еуродан басталады, ұшып келу билеті, қонақ үйде тұру, трансферлік топ және медициналық сақтандыру кіреді.