Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстандықтардың 63 пайызы жалақыларын ай соңына дейін бітіреді

Қазақстандықтардың 63 пайызы жалақыларын ай соңына дейін бітіреді

Қазақстандықтардың 63 пайызында жалақыға дейін ақша таусылады. Бұл туралы Қаржы қызметтерін дамытудың ұлттық қоры хабарлайды. Мұндай қорытынды Қазақстанның 14 облысында және Астана мен Алматыда жүгізілген сауалнама нәтижесінде жасалды.

Сонымен қатар, сауалнамаға қатысқандардың 44 пайызының ақшаларын үйде сақтайтындары анықталды, 38 пайызы жеке немесе отбасылық кірістің және шығыстың есебін жүргізбейді, 43 пайызы банк депозиттерінің сақтандандыруы туралы білмейді, тек 6 пайызы сақтандырудың ең жоғары сомасын атай алады. "Қаржы қызметтерін дамытудың ұлттық қоры Қазақстан халқының қаржылық сауаттылық деңгейінің төмендігіне қатысты алаңдаушылық танытып отыр. Халықтың қаржы сауаттылығы деңгейінің төмен болуы қаржы секторына кедергі келтіреді, себебі оның дамуы ел экономикасының өсімімен тікелей байланысты", - дейді ұйымдағылар. Айта кетейік, 2014 жылы қазанда Қаржы қызметтерін дамытудың ұлттық қоры қазақстандықтардың 50 пайызының несие уақытын өткізіп алмауды білмейтінін мәлімдеді. Сонымен қатар, таяуда БЖЗҚ (Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры) Қазақстанда зейнетақы жинақтарының ең жоғары көлемі кімдерде екенін хабарлады. Зейнетақы жинақтарының ең көп көлемі 35-37 жас аралығындағы ерлер мен 37-39 жас аралығындағы әйелдерде екені белгілі болды. Ақпарат көзі: Tengrinews.kz

Похожие материалы