Алматы. 26 шілде. 7kun.kz – Әртүрлі елдердегі 12 мыңнан астам жылжымайтын мүлік объектілері қазақстандықтарға тиесілі. Бұл туралы ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің (ҚДБ) салық салу әдістемесі департаментінің директоры Қайрат Жолмұхамбетов мәлімдеді.
Салық салу әдістемесі бойынша департамент директоры Қайрат Жолмұxамбетовтың айтуынша, қазіргі заңнама аясында 240-шы декларация қарастырылған. Оған сәйкес, қазақстандықтар шетелде тапқан табыстары мен активтерін көрсетуі тиіс. Мәселен, өткен жылы аталған декларацияны 68 мыңнан астам адам толтырды. Олардың ішінде 27 мың адам ақшаны рәсімдеді. Оның жалпы сомасы 820 миллиард теңгеден асты. Бұл ақша 108 елдің банктерінде жатыр. Негізгі мемлекеттер ол - Сингапур, Швейцария, Ливан, Оңтүстік Корея, Ресей және тағы басқалар.
Оның айтуынша, шетелдегі ақшадан бөлек жылжымайтын мүлікке қатысты декларациялар да тапсырылды. Қазақстандықтар 69 мемлекеттегі 12 мың жылжымайтын мүліктерін рәсімдеді. Аталған мүліктің басым бөлігі Ресей, Болгария, Түркия, Испания, Ұлыбритания, АҚШ, Франция және тағы басқа елдерге тиесілі.
«Осы орайда айта кеткен жөн, 240-шы декларацияда жылжымайтын мүліктің сомасын көрсету міндеті жоқ. Сондықтан нақты соманы айта алмаймын», - деп атап көрсетті Қ.Жолмұxамбетов.