Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстандықтардың орташа айлық жалақысы өсті

Қазақстандықтардың орташа айлық жалақысы өсті

Алматы. 30 шілде. 7kun.kz – 2018 жылдың ІІ тоқсанында Қазақстандағы жұмысшылардың орташа айлық жалақысы 162,7 мың теңгені құрады. 

Биылғы жылдың І тоқсанында орташа жалақы мөлшері 152,4 мың теңге болған еді. Дәл қазір бұл көрсеткіш 6,7% өсті. Бір жыл ішінде атаулы жалақы 8,5%, ал нақтысы 2,2% өсті.

2018 жылдың ІІ тоқсанының қорытындысы бойынша, тау-кен өндірісі мен карьерлер өңдеушілерінің, қаржы мен сақтандыру саласындағылардың жалақысы бәрінен жоғары екені анықталды. Аталған саладағы жалақының орташа мөлшері 358,5 мың және 335,2 мың теңгені құрады.

Ғылым мен техника саласындағылар орташа есеппен 273,2 мың, байланыс – 238,4 мың, өнеркәсіп саласындағылар 224,7 мың және құрылыстағылар 212,8 мың теңге көлемінде жалақы алды.

Көлік және қоймалық қызметкерлер орташа есеппен алғанда 205,3 мың теңге, қызмет көрсету саласындағылар - 197,3 мың теңге, әкімшілік және қолдау қызметкерлері - 179,2 мың теңге, өңдеу өнеркәсібі - 177,3 мың теңге, сауда - 153,6 мың теңге, қонақ үй және мейрамхана бизнесіндегілер - 149,8 мың теңге, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығындағылар - 149,3 мың теңге жалақы алды.

Өз кезегінде жылжымайтын мүлікпен мәмілелер жасайтын компанияларда орташа айлық жалақы - 139,2 мың теңге, өнер, ойын-сауық және демалыс - 118 мың теңге, білім беру - 115,2 мың теңге, денсаулық сақтау - 115,1 мың теңге. Ең төменгі жалақы мемлекеттік әкімшілік пен ауыл шаруашылығында - 130,5 мың теңге және 93,7 мың теңге болды.

Похожие материалы