ҚР Ұлттық экономика министрлігіне қарасты статистика комитетінің бағалауы бойынша, бір қызметкердің айлық орташа жалақысының мөлшері 2015 жылдың тамыз айында 124 988 теңгені құраған. Бұл жөнінде Zakon.kz хабарлайды.
«Тұрғындардың орташа жиынтық ақшалай кірістері 2015 жылдың шілде айында 63 664 теңге болды, бұл 2014 жылдың шілде айымен салыстырғанда 0,9%-ға төмен», - делінген хабарламада.
Ал, жұмыссыздар саны 2015 жылдың тамыз айында 436,8 мың адамды құрады. Бұл - белсенді тұрғындардың 4,9%-ы. Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыз ретінде тіркелгендердің саны тамыз айының соңына қарай 64 мың адамды немесе экономикалық белсенді тұрғындардың 0,7%-ын құрап отыр.