Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстандықтардың шетелге ақша аударымдары 26 пайызға өсті

Қазақстандықтардың шетелге ақша аударымдары 26 пайызға өсті

Алматы. 28 шілде. 7kun.kz - Қазақстандықтар 2017 жылы шетелге қаражат жіберуді 21 пайызға жиілеткен. Ал ақша аударымдарының көлемі 26 пайызға артқан. Бұл туралы ranking.kz хабарлады.

2017 жылдың І жартыжылдығында Қазақстаннан шетелге түрлі жүйелер арқылы 203,3 млрд теңге аударылған. Бұл 2016 жылдың аталған мерзімінен қарағанда 25,8 пайызға көп. Аударымдардың жалпы көлемі 1,2 млн транзакция. Яғни өткен жылғы көрсеткіштен 21 пайызға жоғары.

Аударымның орташа сомасы 4 пайызға дейін өсті.

Нарық көшбасшысы - «Алтын тәж» жүйесі. 2017 жылдың қаңтар-маусымында жүйе арқылы 32,3 млрд теңге аударылды. Бұл көрсеткіш өткен жылға қарағанда 53,7 пайызға жоғары.

Ақша аударымдары көлемінің өсімі бойынша екінші орында - Юнистрим тұр. Бұл жүйе арқылы 11,6 млрд теңге аударылған. 2016 жылдың алғашқы 6 айындағы көрсеткіштен 87 пайызға өскен.

Ал, нарықтың ең ірі ойыншыларының бірі - Western Union жүйесінде биыл аударым көлемі  азайған. Ол арқылы жасалған транзакция көлемі 5 млрд теңгеге немесе 13,4 пайызға қысқарды.

Еске салсақ, 2016 жылғы 1 жартыжылдықта шетелге ақша аударымдарының саны 15,1 пайызға қысқарып, кемі 1 млн транзакцияны құраған.

Похожие материалы