Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстандықтардың тұрғын үй құрылыс жинағы жекеменшікке өтуі мүмкін 

Қазақстандықтардың тұрғын үй құрылыс жинағы жекеменшікке өтуі мүмкін 

Мемлекет "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акцияларының бақылау пакетінен сатуды жоспарлап отыр. Нәтижесінде мыңдаған қазақстандықтардың жинағы жекеменшіктердің қолына өтуі мүкін деп хабарлайды "КТК" арнасы.

Қаржы мекемесіне жекешеленетін 60 компанияның аты енді. Ірі холдингтер өздерінің еншілес компанияларын тиімді бағаға инвесторларға беруді жоспарлауда. Бұл туралы үкімет мүшелері мәлімдеді. Министрлер кабинетінің мүшелері мемлекеттік активтерді сату жайлы айтқан болатын. Жекешелендірудің екінші толқынында «Самұрық-Қазына» қоры, «Бәйтерек», «ҚазАгро» 46 компанияларын сатады. Бәсекелестіктен 60 ірі фирма сатылымға шығарылады. Жекеменшікке тіпті "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" де кетеді. Осыдан кейін мыңдаған қазақстандықтардың жинағы  бір инвестордың қолында болады. Ол тіпті шетелдік болуы мүмкін. "Бізде"Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" 60 объектің ішіне кіреді. Біз стратегиялық инвесторларды тартамыз, егер ол келсе, біз өзіміз тұрғын үй жинақ жүйесінің стратегиясы мен тактикасын өзгерте аламыз",- деді ҚР Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев. Бұған дейін "Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі" АҚ сатылуы мүмкін деген ақпарат тараған еді. Егер сатылған жағдайда не болады? Экономист Мақсат Сералы мұндай жағдайда бұған дейін пәтер аламыз деп, аталған банкте ақша жинап келген салымшылар қаражаттарын жоғалтуы мүмкін дейді. "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" жеке кәсіпкерлер қолына өтуі мүмкін. Егер солай болатын болса барлық салымшылар өз қаражаттарын жоғалтуы ықтимал. Басшы ауысқан кезде, компания бағытыда өзгереді. 1) Мемлекеттік бағдарламадан бас тартуы мүмкін. 2) Тұрғын үй бағасын нарқтық бағамен тенестіріп, үй алу шарттарын қайта қарастыруы мүмкін. 3) Активтерін немесе акцияларын шет ел компаниялрына сатылып кетуі мүмкін және т.б. Барынша мемлекет меншігінде болғаны дұрыс. Пәтерлердің нарықтық бағасына әсер етіп, баға көтеруілуі ғажап емес. Қарапайым халықтын пәтерге деген үміті осы Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде", - деп жазады ол өзінің Фейсбуктегі парақшасында.    

Похожие материалы