Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстандықтардың зейнетақы салымдары тамыз айында 7,27 трлн теңге болды

Қазақстандықтардың зейнетақы салымдары тамыз айында 7,27 трлн теңге болды

Алматы. 28 тамыз. 7kun.kz - Тамыз айының 1 дейінгі көрсеткіш бойынша БЖЗҚ салымшыларының жинақтары жыл басынан бері 8% ұлғайып, 7,27 трлн теңге болды. Бұл туралы БЖЗҚ атқарушы директоры Мәулен Утегулов бүгінгі баспасөз мәслихатында айтты.

Барлық түрдегі келісім-шарт бойынша жеке зейнетақы шоттарының саны 1 тамызда 10,09 млн дананы құраған. Оның ішінде міндетті зейнетақы салымдары бойынша 9,62 млн, міндетті кәсіби зейнетақы салымдары бойынша 430,3 мың, ерікті салымдар бойынша 39,83 мың дана.

Шілде айында түскен жалпы салымдардың көлемі 59,5 млрд теңге, оның ішінде міндетті зейнетақы салымдары 56,7 млрд теңгені құрады.

Жыл басынан бері салымшылардың жеке шоттарына қосылған таза инвестициялық кіріс көлемі 297,06 млрд теңгені құрайды.

Есептік кезеңде БЖЗҚ төлеген зейнетақы төлемдері 134,31 млрд теңгені құраған. Бұл 2016 жылдағы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 26% немесе 106,58 млрд теңгеге артық.

Похожие материалы