Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстандықтардың зейнетақы жинақтары 8,5%-ға ұлғайды

Қазақстандықтардың зейнетақы жинақтары 8,5%-ға ұлғайды

Алматы. 25 шілде. 7kun.kz – Салымшылардың (алушылардың) зейнетақы жинақтары 2018 жылғы қаңтар-маусымда 663,6 млрд теңгеге (8,5%) ұлғайып, 2018 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша 8 444,3 млрд теңгені құрады, деп хабарлайды ҚР Ұлттық банкі.

2018 жылғы 1 шілдеде 3 131,3 млрд теңге болған зейнетақы активтерін инвестициялаудан «таза» кіріс 2018 жылғы қаңтар-маусымда 356,4 млрд теңгеге ұлғайды.

Міндетті зейнетақы жарналары бойынша салымшылардың жеке зейнетақы шоттарының саны (зейнетақы жинақтары жоқ ЖЗШ-ны есептегенде) 2018 жылғы 1 шілдеде 9,7 млн шотты құрады.

Зейнетақы төлемдерінің сомасы 2018 жылғы қаңтар-маусымда 100,9 млрд теңгені құрады.

БЖЗҚ-тың жиынтық инвестициялық портфелінің негізгі үлесін 2018 жылғы 1 шілдеде бұрынғыдай, ҚР мемлекеттік бағалы қағаздары мен ҚР эмитенттерінің корпоративтік бағалы қағаздары (зейнетақы активтерінің жалпы көлемінің тиісінше 46,8%-ын және 25,4%-ын) құрайды.

Похожие материалы