Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстандықтардың жартысына жуығы депозиттерге кепілдік берілетінен бейхабар

Қазақстандықтардың жартысына жуығы депозиттерге кепілдік берілетінен бейхабар

Елімізде жүргізілген сауалнама нәтижесінде қазақстандықтардың 43% банктік депозиттерді сақтандыру туралы білмейтіні анықталды, деп хабарланған Қаржы қызметтерін дамыту ұлттық қорының сайтында.

«Қазақстанның 14 облысында, сонымен қатар Астана және Алматы қалаларында азаматтарға сауалнама түрінде жүргізілген зерттеу нәтижелеріне сәйкес, жауап берушілердің 44% бос ақшаны үйде сақтайды; 38% жеке/жанұя бюджетінің шығыстары мен кірістері есебін жүргізбейді; сұралғандардың 43% банктік депозиттерді сақтандыру туралы білмейді және 6% ғана сақтандырудың ең жоғарғы сомасын атай алады; 63% еңбекақыға дейін ақшаны тұрақты жұмсап бітіреді», - делінген хабарламада. Сондай-ақ хабарламада халықтың қаржылық сауаттылығының төмен деңгейі қаржы секторының дамуына кедергі келтіретіні атап өтілген. Ал оның дамуы елдің жалпы экономикалық өсімімен тікелей байланысты.

Похожие материалы