Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстандық жарнама әлемдік Brand Tribute каталогіне енді

Қазақстандық жарнама әлемдік Brand Tribute каталогіне енді

Алматы. 20 қараша. 7kun.kz -  «Чейл Қазақстан» агенттігінің креативті принті танымал Epica Awards еуропалық жарнама фестивалімен шығарылатын Brand Tribute 2017 жылдық басылымының беттерінен жарық көрді, деп хабарлайды компания баспасөз қызметі.

Epica Awards әділқазылар алқасы тәжірибелі редакторлар және маркетинг пен жарнамада машықтанған басылым журналистерінен құралған БАҚ өкілдерінен тұрады. Бас кеңсесі Францияда орналасқан фестиваль өткен жылы 30 жылдық мерейтойын атап өткен.

Жыл сайын шығарылатын Brand Tribute каталогі креативті кампанияларға қатысты әлемдік брендтердің жетістіктерін ерекше бағалай отырып, ең үздік жұмыстарды жариялайды. 2017 жылы басылым беттері Samsung брендіне арналған болатын.

AdAsia Ортаазиялық жарнама және маркетинг порталы біздің аймақтың заманға сай жарнама индустриясын дамыту мақсатында халықаралық байқауларға белсенді қатысуының маңыздылығын атап өтті. Өкінішке орай, Қазақстанның және көршілес елдердің көптеген жұмыстарын актуалды деп айту қиын.

Сондай-ақ, AdAsia «Чейл Қазақстан» аймақ үшін өте маңызды іс атқарып жатыр. Еуропаға жол ашатын алғашқылар қатарында тұр деп жазылған компания баспасөз хабарламасында.

Өткен жылы агенттік AdAsia-да креативтілік рейтингі бойынша Орта Азия ішінде бірінші орынға ие болды.

Естеріңізге салсақ, Cheil Kazakhstan компаниясының әлемдік және аймақтық деңгейдегі байқауларда жеңіске жеткен кейбір жобалары туралы қазақстандық БАҚ-та кеңінен жазылып жатты: оның ішінде құндылықтары мен мақсаттары ортақ екі брендтің серіктестігі, яғни Samsung және GGG кампаниясы; жаһандық экологиялық мәселелерге арналған Қазақ географиялық қоғамының әлеуметтік принті – Жер сағаты (бұл туралы ең беделді ресейлік ресурстар да жазды); онлайн-қонақтарға Gear VR көзілдірігінің көмегімен Алматының ең үздік аттракциондарына 360 градустық саяхат сыйлап, ерекше әсер берген Galaxy Amusement Park жобасы бар.

Похожие материалы