Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстандық жасөспірімдер есірткінің жаңа түріне әуестеніп жүр

Қазақстандық жасөспірімдер есірткінің жаңа түріне әуестеніп жүр

Қазақстандық жасөспірімдер есірткінің жаңа түріне әуестеніп жүр. Бұл жөнінде "Свободные люди" оңалту орталығының өкілі Ольга Агапова мәлімдеді деп жазады "Экспресс К".

Орталық қызметкерінің айтуынша, 14 жасар бір емделушінің анасы жарты жыл бойы дәрігерлердің соңынан жүріп, баласының бүйрегі мен бауырын тексертіп жүрген. Бірақ, дәрігерлер ауру түрін анықтай алмаған. "Жағдай мүлдем басқаша болып шықты. Қауіпті белгілер жасөспірімнің трамадол ішуді доғарған сәтінен кейін біліне бастаған", - дейді О.Агапова. О.Агапованың айтуынша, трамадол - опиоидтық анальгетик, әдетте дәрігерлер оны қатерлі ісікпен ауырғандарға ем етіп пайдаланады. Ресейде бұл дәріге тыйым салынса, Қазақстанда дәрігердің нұсқауымен ғана берілуі тиіс. Десе де, кейбір дәріханаларда оның салдарына үңілместен сатыла береді дейді. Оңалту орталығында емделіп жүрген жасөспірімдердің айтуынша, трамадолдың бағасы 600-1500 теңге аралығында. Бес таблетка ішкен адамның көзіне түрлі нәрсе елестеп бастайды. Сондай әсер алу үшін кейін 50 таблетка ішу керек болады. Агапова аталған дәріге тыйым салмай, бақылаудың қатаң талап етілгені дұрыс дейді.

Похожие материалы