
2017 жылдың қаңтар-мамырында Қазақстанның мұнай экспорты 10,5 млрд долларды құрады. Былтырғы жылдың көрсеткішімен салыстырғанда 43,9 пайызға өсім бар.
5 ай ішінде 27,2 млн тонна шикізат сатылған.
Ең ірі сатып алушы - Италия мемлекеті. 3,5 млрд долларға мұнай алған. Былтырғы жылдың аталған кезеңімен салыстырсақ, Италияға мұнай экспорты 51,7 пайызға көбейген.
Голландия мемлекеті 1,5 млрд, ал Франция 1,2 млрд долларға шикізат сатып алған.