Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстанның 1200 ауылында интернет бар

Қазақстанның 1200 ауылында интернет бар

Астана. 26 қыркүйек. 7kun.kz - Қазақстанның 122 қаласы мен 1 200-ге жуық ауылдық елді мекен жоғары жылдамдықтағы интернетке қосылған. Бұл туралы бүгін Үкімет сағатында ҚР Ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев айтты деп хабарлайды primeminister.kz.

Министрдің айтуынша алдағы уақытта жалпы халқы 2 млн асатын 1 800 ауылға байланыс желісін тартуды жоспарлап отыр. Нәтижесінде, 2021 жылға дейін ұзындығы 24 000 км болатын талшықты-оптикалық байланыс желілері тартылады. Бұл жергілікті атқарушы органдарды және мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшелерін Интернетке қосуды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Жобаны 13 жылдың ішінде (2018-2030 жж.) мемлекеттік органдардың байланыс қызмет көрсетулерін кепілдікті пайдалануды қамтамасыз етумен мемлекеттік-жекешелік әріптестік сызбасы бойынша іске асыру жоспарланған.

Нәтижесінде Интернетке қолжетімділіктің секундына 20 мегабитке дейін жылдамдығын қамтамасыз ету жоспарланған, сондай-ақ денсаулық сақтау және жергілікті мемлекеттік органдардың мекемелерінде шамамен 2000 мектеп пен 1 200 нүктені қосу жоспарланған.

Похожие материалы