Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстанның 423 мың тонна жанар-жағармай қоры бар

Қазақстанның 423 мың тонна жанар-жағармай қоры бар

Қазақстанның мұнай базаларында  423 мың тонна Аи-92 маркалы бензин және 615,5 мың тонна дизельді отын бар. Бұл туралы "ҚазМұнайГаз- қайта өңдеу және маркетинг" компаниясының баспасөз қызметі хабарлайды.

"Аталған көлем екі айға жететін қорды құрайды. Қазір отандық мұнай өңдеу зауыттары (МӨЗ) тәулігіне орташа есеппен 5,7 мың тонна Аи-92 жанармайы мен 10,1 мың тонна дизельді отын өндіреді", - деп атап өтілген хабарламада.

Мұнай өңдеуші компанияның департамент директоры Ольга Лызловтың түсіндіруінше, МӨЗ ішкі нарыққа жоспар бойынша сай отын жеткізіп отырады. Жекелей алғанда, осы жылдың ақпанында "ҚазМұнайГаз" компаниясы Ақмола обылысына 1,998 мың тонна, Қостанай облысына - 2,996 мың тонна, Солтүстік Қазақстан облысына - 1,989 мың тонна жанармай жеткізген.

Еске салайық, 2015 жылдың 5 наурызында Қазақстан Ресейден келетін мұнай өнімдерінің импортына 45 күнге шектеу салған еді. "Аталған шара екі ел арасында келісілген индикативті баланс бойынша, отынның бір ретпен жеткізілуін қамтамасыз етеді. Айта кетейік, индикативті баланс- Ресейден салықсыз импортталатын мұнай өнімдерінің көлемі, ай сайынға жоспарлап қойылады", -деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.

Осы жылы индикативті баланс 840,2 мың тонна Аи-92 маркалы бензин және 520 мың тонна дизельді отын деп белгіленген.

 

Похожие материалы