Қазақстанда 2015 жылдың ақпан айындағы ең төменгі күн көріс деңгейі 19,051 теңге (ағымдағысы - 185,05/$1) болды. Бұл дегеніміз өткен аймен салыстырғанда 1,5% -ға жоғары. Осы көрсеткіш 2014 жылдың ақпан айымен салыстырғанда 7,8%,-ға өсті деп хабарлайды экономика Министрлігінің статистика комитеті. Статистиктердің пікірінше, ақпан айында ең төменгі күн көріс деңгейімен есептегенде азық-түлік тауарларына 11,430 теңге, ақылы қызметтер және т.б 7.621 теңге кеткен.
Статистика комитетінің есебі бойынша 13 жасқа дейінгі балалардың ең төменгі күн көріс деңгейі 15,124 теңге,14-17 жасар жасөспірімдерде 24,093 теңге, осы жастағы қыз балаларда 18,461 теңге, еңбекке қабілетті ер адамдарда 22,695 теңге, әйел адамдарда 18,024 теңге, зейнеткерлер мен қарт адамдарда 17,870 теңге. Қазақстан халқының саны бүгінде 17,4 млн адамнан асады.