Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстанның аффинажды зауытына шетелден алтынды шикізат қажет

Қазақстанның аффинажды зауытына шетелден алтынды шикізат қажет

"Тау-Кен Самұрық" Ұлттық тау-кен компаниясы аффинажды зауытты қамтамасыз ету үшін алтынды шикізатты шетелден іздестіруде. Бұл туралы кәсіпорынның басқарма төрағасы Мәжит Тұрмағамбетов Астанадағы брифингте мәлімдеді. 

Оның айтуынша, компанияның алтынды шикізат өндіру ісі бір деңгейде қалған. Биылғы жылғы нәтиже бойынша руда көлемі алдын-ала болжанғандай 70 тоннаға жетпейін деп тұр.

"Осы себепті біз фабриканы қамтамасыз етіп, тиімділігін арттыру үшін шикізатты шетелден және ЕАЭО елдерінен іздестіріп жатырмыз. 2013 жылғы алтын бағасының бірден түсіп кетуі салдарынан көптеген кәсіпорындар өндіріс жоспарларын толық орындай алмай отыр. 2014 жылы аффинажды алтынның 7 тоннасын өндірдік. Өндірілген тауарды толықтай Ұлттық банкке сатамыз.  Биыл көлемін 10 тоннаға жеткізуді көздеп отырмыз. Бұл Лондон биржасында "good delivery" статусын алу үшін қажет", - деді Тұрмағамбетов.

Компания басшысы зауыт осы жылдың желтоқсан айында алтынды руданы алғаш рет Иран мен Ресейге жеткізуі мүмкін екенін атап өтті. Ал келесі жылы шикізат Қырғызстан кәсіпорындарына жеткізілмек.

Сондай-ақ, М. Тұрмағамбетов ірі жобаларды жүзеге асыру мақсатында "Тау-Кен Самұрық" штатын кеңейтуді жоспарлап отырғандарын айтты.

Фото: 24.kz

Похожие материалы