Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстанның алтын валюталы резерві 1,5 пайызға төмендеді

Қазақстанның алтын валюталы резерві 1,5 пайызға төмендеді

Алматы. 9 тамыз. 7kun.kz - 2017 жылдың шілдесінде Қазақстанның алтын валюталы резерві ұлттық банктің жалпы резервтері мен ұлттық қор қаражатын қосқанда 90,791 млрд долларды құрады. Маусыммен салыстырғанда көрсеткіш 1,5 пайызға төмендеген. Бұл туралы ұлттық банктің баспасөз қызметі хабарлады.

Ал жыл басынан бері көрсеткіш 0,05 пайызға өскен.

Қазақстанның Ұлттық қор активтері бір айда 6,92 пайызға (жыл басынан бері - 5,46%) қысқарып 57,878 млрд долларды құрады. Ұлттық банктің жалпы халықаралық резерві 2017 жылдың шілдесінде 9,67 пайызға артып (жыл басынан бері - 11,46%) 32,913 млрд доллар болды. Ал таза халықаралық резерв аталған мерзімде 9,82 пайызға (жыл басынан бері - 11,7%) көбейіп, 32,390 млрд долларға жетті.

2017 жылдың шілдесінде валютадағы активтер өсімі 13,87 пайыз (жыл басынан бері - 7,84%) болып, 21,474 млрд долларды, ал алтындағы активтер 2,56 пайызға (жыл басынан бері - 18,95%) артып, 11,439 млрд долларды құрады.

Похожие материалы