Қаңтар айында Қазақстандағы ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндірісі 79,9 млрд теңгені құрады, бұл 2014 жылдың қаңтарындағы көрсеткішпен салыстырғанда 3,3%-ға жоғары деп хабарлайды Экономика министрлігінің статистикалық комитеті.
Мал шаруашылығы өнімдерінің құны 76,6 млрд теңге (3,5% өсім), егін шаруашылығы өнімдері 3,3 млрд теңге (өзгеріссіз) болды. 1 ақпанда мүйізді қара мал басы 2014 жылдың аналогты кезеңімен салыстырғанда 3,2%, яғни 6,099 млн басқа өсті.
Ешкі малы 2,389 млн-ға(0,6%), жылқы - 1,898 млн(8,9%), қой 15,524 млн-ға(2,2%) көбейді.
Шошқа малының саны 896,7 мың басқа қысқарды(8,8%).