Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстанның бұрынғы премьер-министрі Нұрлан Балғымбаев дүниеден өтті

Қазақстанның бұрынғы премьер-министрі Нұрлан Балғымбаев дүниеден өтті

Бүгін Атырауда Қазақстанның бұрынғы  премьер-министрі Нұрлан Балғымбаев 68 жасында көз жұмды. Бұл туралы марқұмның жақындары хабарлады деп жазады ҚазТАГ.

Нұрлан Балғымбаев 20 қараша 1947 жылы 20 қарашада Атырау қаласында дүниеге келген.  1973 жылы Қазақ политехникалық институтының мұнай және газ факультетін тау-кен инженері мамандығы бойынша бітірді. 1992-1993 жылдары Массачусетс университетінің тыңдаушысы болған. Еңбек жолын Маңғыстау облысының Құрық кентінде бұрғылаушының көмекшісі болып бастаған ол “Маңғышлақмұнай” бірлестігінде жерасты жөндеу операторы, мұнай шығару жөніндегі оператор, скважиналарды жерасты жөндеу шебері,  Атырау облысындағы Аққыстау өндірістік қызмет көрсету базасы бастығының орынбасары, “Ембімұнай”, “Ақтөбемұнай” бірлестіктерінің бас инженері, КСРО Мұнай және газ өнеркәсібі министрігінің Бас басқармаларында бастықтың орынбасары қызметтерін атқарды. Одан кейін АҚШ-тың Массачуссетс университетінде оқып,  "Шеврон" компаниясында жұмыс істеді.

Бұдан кейін ҚР Мұнай-газ саласының министрі, "ҚазақОйл" ұлттық мұнай-газ компаниясының президенті қызметін атқарған. 1997 -1999 жылдар аралығында ҚР Премьер-министрі болды. Бұдан кейін "ҚазақОйл" ұлттық мұнайгаз компаниясы" ЖАҚ-ын қайта басқарды. "Қазақстандық мұнай инвестициялау компаниясы"АҚ президенті болды.

2007 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі болып тағайындалып, бұл қызметті 2009 жылға дейін атқарды. Сондай-ақ, Enі итальяндық мұнай-газ компаниясымен жобаларды  іске асыру ұйымының бас директоры болып жұмыс істеді. Соңғы жылдары «ҚазМұнайГаз» салынып жатқан кәсіпорындарының әкімшілігі» ЖШС бас директоры қызметін атқарды.

Похожие материалы