Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстанның бензин мен керосин импортына тәуелділігі артып келеді

Қазақстанның бензин мен керосин импортына тәуелділігі артып келеді

Алматы. 31 шілде. 7kun.kz – Мемлекет ресурсындағы керосиннің барлығы дерлік шеттен әкелінген. Ал импортталған бензиннің үлесі 28 пайыздан астам. Бұл туралы finprom.kz хабарлады.

Қазақстандың ішкі нарықтың импорттық мотор жанармайына деген тәуелділігі артып келеді. 2017 жылдың қаңтар-мамырында бензин ресурстарының көлемі импортталған тауардың 28,2 пайызын, яғни, 511,8 мың тоннаны құрады. 2016 жылы бұл көлем сырттан келген тауар ресурстарының 27,7 пайызын құраған.

Қазақстандықтарды жанармаймен қамтамасыз ету қоры бір жылда 3,3 пайыздан 5,5 пайызға артқан. Бұл соңғы 5 жылдағы импорт деңгейінің ең жоғарғы көрсеткіші болып есептеледі.

Алайда, халықты керосинмен қамсыздандыру ұлттық жанармай қауіпсіздігіндегі күрделі мәселе болып отыр. Себебі ресурс 100 пайыз сырттан әкелінеді. 3 жыл бұрын керосин қорының импорты 18 пайыз ғана болған.

Жергілікті мотор жанармайын өндірушілер негізгі тауар ұстаныммен өнім шығару қарқынын кемітеді немесе көлемін азайтады.

6 ай ішінде моторлық бензин өндірісі бар болғаны 3,8 пайызға өсті. 2016 жылы орташа жылдық өсім 13,1 пайыз болған.

Дизельдік жанармай өндірісі 1,1 пайызға азайды. 2016 жылдың бірінші жартыжылдығында өнімнің орташа жылдық өсімі 8,6 пайыз болған.

Керосин өндірісі тоқырауға ұшырады, былтырғы жылмен салыстырғанда өнім 7,9 пайызға кеміді.

Айта кетейік, керосин өндірісінің қысқаруы 3 жыл қатарынан байқалып келеді.

Похожие материалы