Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстанның білім беру мекемелері 1,7 трлн теңге табыс тапты

Қазақстанның білім беру мекемелері 1,7 трлн теңге табыс тапты

Алматы. 18 шілде. 7kun.kz - 2016 жылы Қазақстанның білім беру мекемелері 1,7 трлн теңге табыс тапты. Бұл туралы статистика комитеті хабарлады.

Бұл көрсеткіш 2015 жылға қарағанда 21,4 пайызға (1,4 трлн теңге) өскен.

Статистика комитетінің хабарлауынша, орта және жоғары білім берудің кірісі - 49,3 пайызды құрайды. Оның 18,1 пайызы - жоғары білім, 12,5 пайызы - орта білім беретін мекемелерге тиесілі.

Аталған мекемелердің 2016 жылғы шығыны 1,7 трлн теңгені көрсетті. Осы ақшаның 1,1 трлн теңгесі (67,1%) жұмыс күшіне жұмсалса, қызмет көрсету құнына - 215,6 млрд теңге (12,7%), ал басқа шығындарға - 176,3 млрд теңге (10,3%) жұмсалған.

Похожие материалы