Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстанның ЕАЭО елдерімен өзара саудасы 13 971,4 млн долларға жетті

Алматы. 20 желтоқсан. 7kun.kz - Қазақстан және Еуразиялық экономикалық одақ елдері арасындағы сауда 2016 жылмен салыстырғанда 28,1 пайызға артқан деп хабарлайды Статистика комитетінің баспасөз қызметі. 
 

2017 жылғы қаңтар-қазандағы Қазақстан Республикасының ЕАЭО елдерімен өзара саудасы 13 971,4 млн АҚШ долларын құрап, 2016 жылғы қаңтар-қазанмен салыстырғанда 28,1%-ға артты, соның ішінде экспорт – 4 154,1 млн АҚШ доллары (32,1%-ға өсті), импорт – 9 817,3 млн АҚШ доллары (26,5%-ға өсті).

Қазақстан Республикасының ЕАЭО елдерімен сыртқы сауда айналымы жалпы көлемінде Ресей Федерациясына - 92,2%, Қырғызстан Республикасына - 4,3%, Беларусь Республикасына - 3,5% келеді.

Похожие материалы